Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.