Шымкентте жасөспірім жылқысымен бірге терең шұңқырға құлап кеткен

/
Шымкентте жасөспірім жылқысымен бірге терең шұңқырға құлап кеткен
ТЖМ

14 қыркүйекте Шымкентте 2012 жылы туған жасөспірім абайсызда жылқысымен бірге 5 метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, оқыс оқиға Шымкенттің Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында орын алған.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары альпинистік құралдардың көмегімен жасөспірімді шұңқырдан алып шықты. Ат ЖАО-мен бірлесіп, автокранның көмегімен құтқарылып, иесіне тапсырылды. Жасөспірім тексеру үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы мен жедел көмегінің арқасында бәрі сәтті аяқталды», - делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары