Бүгін – Танкшілер күні

Бүгін – Танкшілер күні
gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінде 15 қыркүйек – бронды танк техникасымен қызметі тығыз байланысты әскери қызметшілер мен ардагерлердің мерекесі – Танкшілер күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерекенің тарихы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына кетеді. 1941 жылы Шымкент теміржолы еңбеккерлерінің бастамасымен республикада танк колоннасын құру үшін қаржы жинау ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 1942 жылдың 15 қыркүйегінде майданға «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 46 танк аттанды. Олар маңызды шайқастарға қатысып, Берлинге дейін жеткен. Бүгінде танк әскері аға буынның даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың айтуынша, жыл сайын танкшілердің кәсібилігі мен шеберлігі артып, атыс техникасы мен ұрыс жүргізу тактикасы жетілдірілуде. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Танкшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы, ардагерлер, әскери қызметшілер мен курсанттар қатысты.

Қорғаныс министрі атынан жиналғандарды оның орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев құттықтады. Өз сөзінде ол ардагерлер мен қазіргі танкшілердің елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөлін атап өтті.

– Қазіргі қақтығыстар танк әскерлерінің әлі де ұрыс алаңындағы шешуші күштердің бірі екенін көрсетуде. Танкшілер – бұл күштің, машықтың және үйлесімділіктің символы, – деді Қорған

ыс министрінің орынбасары.

Мереке аясында ардагерлер мен әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Мерекелік іс-шара 68665 әскери бөлімі Құрмет қарауылы ротасының дефилесі және Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары