Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 15 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады. Қауіпті құбылыстар еліміздің бірқатар өңірін қамтиды.

Астана: түнде және таңертең – тұман.

Шымкент: күндіз найзағай, солтүстік-батыстан 15–20 м/с жел. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы: түнде және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Желдің екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда бұршақ пен дауыл күтіледі.

Қарағанды облысы: кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Кей жерлерде -2°С дейін аяз.

Түркістан облысы: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 20 м/с дейін. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысы: түнде және таңертең тұман, батыста -1°С дейін аяз.

Атырау облысы: төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы: таулы аймақтарда тұман. Шығыста жел 15–20 м/с.

Ақтөбе облысы: күндіз найзағай. Жел 15–18 м/с. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы: шығыста – өрт қаупі жоғары, басқа аймақтарда төтенше деңгейде.

Жамбыл облысы: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Желдің екпіні 20 м/с дейін.

Абай облысы: түнде және таңертең тұман. Кей жерде -2°С дейін аяз.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең тұман. Жел 20 м/с дейін. Кей аудандарда -3°С аяз. Өскеменде қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең тұман. Кей жерлерде -1°С дейін аяз.

Павлодар облысы: түнде және таңертең тұман, -3°С дейін аяз.

Қостанай облысы: күндіз найзағай. Түнде тұман. Кей жерлерде -1°С аяз, оңтүстік-батыста өрт қаупі төтенше.

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең қатты жаңбыр, найзағай, тұман. Кей өңірлерде өрт қаупі төтенше деңгейде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары