Министрлік коммуналдық қызметтердің тарифіне қатысты мәлімдеме жасады

/
Министрлік коммуналдық қызметтердің тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
istockphoto

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтердің тарифі жылдың соңына дейін көтерілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі кезде үкімет жылдың соңына дейін 10-11% деңгейінде ұстап тұруға күш салып жатыр.

"Ал табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылдың соңына дейін халық үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде. Тарифтердің өсуін тежеуге бұрын жоспарланған түзетулердің бір бөлігін ауыстыру және ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.

Оған қоса, монополистер тарапынан тарифтерді көтеруге қатысы жаңа өтінімдер түскен жоқ.

"Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларын өндірушілерге ерекше назар аударылады. Олар үшін басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда жеңілдікті шарттарды көздейтін ұстамды тарифтік саясат қолданылады", - дейді министрлік мамандары.

Коммуналдық қызметтер инфляцияға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан қабылданған шаралар бағалардың өсуін де тежеп отырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары