Шымкент тұрғындары жол-көлік оқиғасына байланысты газсыз отыр.
Оқиға Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes автокөлігі жоғары қысымды жерүсті газ құбырына соғылған.
— Авариялық бригада Ш. Қалдаяқов көшесіндегі құбырды жабу арқылы ақауды оқшаулады. Оқиға орнында «QazaqGazAimaq» АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр, қалпына келтіру шаралары жүргізілуде, — деді мамандар.
Диспетчерлік қызметтің деректеріне сәйкес, 7000 жуық абонент апат салдарынан газсыз қалды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тартылды.