Елімізде 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

/
Елімізде 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды
Фото: Telegram-канал Agropresskz

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлем шөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрама жем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған", - деп жазылған хабарламада.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізіліп жатыр.

Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, дейді министрліктегілер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары