Батыс Қазақстанда жылқы ұрлаған күдіктілер ұсталды

/
Батыс Қазақстанда жылқы ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында полицейлер күдіктілерді ұрланған жылқыны сойып жатқан сәтінде қолға түсірді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілер аудан тұрғынына тиесілі 11 жылқыны еркін жайылымда жүрген жерінен айдап кеткен. 

Жедел іс-шаралар барысында олардың бірінің тұрғылықты мекенжайындағы қорасынан 7 бас жылқы табылды.

Ұсталған сәтте төрт жылқы сойылып үлгерген. Шығын сомасы 4 млн теңгеден асады. 

- Тәркіленген ет пен қалған жылқылар заңды иесіне қайтарылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктілердің облыс аумағындағы өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары