13 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с), өрт қаупі жоғары.
Алматы облысы – найзағай, тұман, бұршақ, желдің күшеюі, өрт қаупі өте жоғары.
Түркістан облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, 15–20 м/с жел, төтенше өрт қаупі.
Жамбыл облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с).
Шығыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.
Абай облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.
Қарағанды облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде топырақ бетінде 2°С дейін аяз.
Қостанай облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде 2°С дейін аяз.
Ақмола облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде 2°С дейін аяз.
Павлодар облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.
Атырау облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, төтенше өрт қаупі.
Солтүстік Қазақстан облысы – түнде топырақ бетінде 2°С дейін аяз.
Батыс Қазақстан облысы – төтенше өрт қаупі.
Синоптиктердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі мүмкін. Сол себепті төтенше жағдай қызметтері қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.