Айтуған Какей жамбы атудан Азия чемпионы атанды

/
Айтуған Какей жамбы атудан Азия чемпионы атанды
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жас спортшы бұл спортпен небәрі бір жыл бұрын ғана айналыса бастаған. Соған қарамастан өңірлік турнирдегі жеңістен бастап, Қазақстан чемпионатының алтынын жеңіп алып, Моңғолиядағы халықаралық жарыста да топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтуғанның жетістігі – ұлттық спорт түрлерінің әлі де өміршең екенін әрі қазақстандық жаңа буынға шабыт беретінін дәлелдейтін жарқын үлгі.

«Жарысқа бір ай қалғанда қарқынды жаттығуларға кірістік. Күн сайын таңертең және кешке 3-4 сағат дайындалдық. Мақсатымыз бір болды – алтын медаль алып, Қазақстанның туын көтеру. Құдайға шүкір, еңбегіміз ақталды. Әсіресе маған сенім артып, қолдау көрсеткен бапкерім Нұрсұлтан Жүсібалинге алғыс айтамын», – деді Айтуған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары