12 қыркүйек – Қазақ киносының күні. Қазақ киносы – халқымыздың рухани айнасы, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытатын мәдениетіміздің биік шыңы, деп хабарлайды turkystan.kz.
1938 жылы алғашқы толықметражды «Амангелді» фильмінен бастау алған ұлттық кинематография бүгінде әлемдік аренада өз орнын тауып отыр.
Ардагерлердің мұрасы – өшпес қазына, ал жаңа буын режиссерлер мен актерлер қазақ киносын жаңа белеске көтеруде
Бүгінде отандық фильмдер халықаралық кинофестивальдерде жүлде алып, Netflix, Amazon сияқты ірі платформалардан көрсетілуде. Бұл – қазіргі қазақ киносының жаңа белесі, ұлттық өнеріміздің әлемге кеңінен танылуының айғағы.