Белгілі кәсіпкер Махат Төреәлі Бекзат Саттархановтың анасына күтпеген сый жасады , деп хабарлайды turkystan.kz.
"Анамызға құрмет-батырға құрмет. Бүгін әулетіміздің және компаниямыздың атынан батырымыздың анасына пәтер кілтін табыстадық. "Бекзат Саттарханов Bekzat Sattarkhanov атындағы спорт кешенінде “Бекзат.Шаршы алаңнан тыс өмір” атты жазушы Бейбіт Сарыбайдың кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап арманнан туындаған, батыр Бекзаттың тұлғасын өскелең ұрпаққа үлге ететін туынды. Ағамыздың рухы шат болғай", - деп жазды бизнесмен әлеуметтік желіде.