Дзюдошы Фархат Зейнолла Азия чемпионы атанды

/
Дзюдошы Фархат Зейнолла Азия чемпионы атанды
Қазақстан дзюдо федерациясы

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Фархат Зейнолла (50 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз финалда Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Уалед Алмалкиден басым түсті.

Сондай-ақ ел құрамасынан Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) финалға шықты.

Сондай-ақ, Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (44 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі), Жанайым Маратбек (52 келі) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі.

Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары