Қуанышбек Мұқаш: Президент Жолдауы – Қазақстанның цифрлық болашағына батыл қадам

Қуанышбек Мұқаш: Президент Жолдауы – Қазақстанның цифрлық болашағына батыл қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек Мұқаштың пікірінше, Жолдау – еліміздің жаңа даму кезеңінің нақты бағдары, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстанның дамуында жаңа векторды айқындады. Ол цифрландыруға, инновацияларға және инвестиция тартуға негізделген. Қайтарылған активтерді басқару және сатумен айналысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС үшін Мемлекет басшысының инвесторлардың құқықтарын қорғауға және процестердің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударуы аса маңызды.

Активтерді қайтару комитетінің орнына Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін құру – әділ әрі болжамды іскерлік ортаны қалыптастырудағы жұмыстың заңды жалғасы. Активтерді қайтару тәжірибесі қазірдің өзінде нақты нәтиже берді: соңғы жылдары ғана бюджетке жүздеген миллиард теңге түсті, олар мектептер мен денсаулық сақтау нысандарын салуға, сондай-ақ су және спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталды. Бұл қайтарылған активтердің адам капиталын нығайтудың құралына айналғанын дәлелдейді», – дейді Қуанышбек Мұқаш.

Оның айтуынша, Президент әрбір ресурсты қаржы қаражаты болсын, цифрлық технологиялар болсын немесе жер телімдері болсын, тиімді пайдалану қажеттігін ерекше атап өткенін айтып жеткізді.

«Осыған байланысты барлық қайтарылған жерлерді айналымға енгізу жөніндегі тапсырма айрықша мәнге ие. Бұл міндет біздің қызметімізбен тікелей байланысты, өйткені активтерді басқару қоғамға да, экономикаға да пайда әкелуге тиіс.

Басқарушы компанияның негізгі миссиясы – қайтарылған активтерді басқару, олардың сақталуын қамтамасыз ету және сату. Сонымен бірге, серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және оған билік ету құқығы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітілген.

Бүгінгі күні Алматы қаласында жалпы ауданы 364,5432 га болатын 6 жер учаскесі мемлекетке берілді. Олар тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және оқу мақсаттарына арналған. Бұдан бөлек, Алматы облысында жалпы ауданы 23 665,1776 га болатын тағы 19 жер учаскесін беру жоспарланып отыр.

Басқарушы компания үшін басымдық қызметтің толық ашықтығын қамтамасыз ету, ашық электрондық аукциондар тетіктерін дамыту, сондай-ақ қоғам сенімін арттыруға бағытталған цифрлық құралдарды енгізу болып қала береді.

Біз Қаржы министрлігі жүзеге асырып отырған, Президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған «Digital Qazaqstan» бастамасы аясындағы жұмысқа белсенді атсалысуға және шынайы цифрлық экономиканы құруға өз тарапымыздан қомақты үлес қосуға дайынбыз», – дейді Қуанышбек Мұқаш.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары