Ішкі істер министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін енді қазақстандық жүргізушілер куәлігіне чип қойылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігінің формалары мен үлгілеріне қатысты ведомство басшысының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің бланктерінен электронды чипті алып тастау. Жоба авторларының айтуынша, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал қазіргі кезде олардың функцияларын мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.
Құжатта атап өтілгендей, чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.