Түркістан облысында 1 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған

/
Түркістан облысында 1 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысы Төлеби ауданынан жеткізілген небәрі бір жарым жастағы балақайдың қолы еттартқышқа қысылып, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарақат салдарынан бүлдіршін ес-түссіз күйде, травматикалық шокпен жансақтау бөліміне түсті. Дәрігер-хирургтердің шұғыл шешімі мен кәсіби шеберлігінің арқасында дер кезінде ота жасалып, алғашқы көмек көрсетілді.

«Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, оң өзгерістер байқалып отыр. Әзірге ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында», — делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратта. 

Мамандар мұндай оқиғалар ата-аналарға үлкен сабақ болуы тиіс екенін ескертеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — әрбір ересектің басты міндеті. Әсіресе тұрмыстық техника мен өткір құралдарға қатысты сақтық шараларының маңызы зор.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары