ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетел азаматы ұсталды

/
ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетел азаматы ұсталды
Polisia.kz

Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде.

Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары