Астанада 80-ге жуық адамды алдап кеткен күдікті ұсталды

/
Астанада 80-ге жуық адамды алдап кеткен күдікті ұсталды
istockphoto.com

Астанада алаяқтықты кәсіп еткен күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғыннан 51 жастағы азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері пәтер сату желеуімен азаматтарды алдап, олардың қаржысын иемденген күдіктіні ұстады.

Анықталғандай, күдікті материалдық жағдайын түзету мақсатында ерекше "табыстабу жоспарын" ойлап тапқан. Ол адамдардың сеніміне кіріп, өзін құрылыс компаниясының директоры ретінде таныстырып, салынып жатқан үйден тиімді шарттармен пәтер ұсынған. Жалдамалы пәтерде тұратын жәбірленуші төмен бағаға келісіп, алдын ала төлем жасаған. Алайда алаяқ ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осындай схемаға тағы 80 адам алданғаны белгілі болды. Сонымен қатар күдіктіге қатысты барлығы 23 қылмыстық іс қозғалған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары