6 қыркүйек күні республикалық маңызы бар Ақтау – Жетібай автожолының 77-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, бір қыз көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ 2110 маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жылқымен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті. 1998 жылы туған қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Жүргізушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары жол апатына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.