Әнші Алтынай Жорабаева артық салмақ тастап, жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі өзін «арықтағаннан кейін терісі салбырап кеткен» деп сынап, жазғандарға жауап берді.
«Көпшілік мені «Көзіңді неге олай істегенсің? Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой» деп 20 жыл бұрынғы Алтынаймен салыстырады. Жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындадым ғой. 37 келі салмақ тастаған адаммын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Кімге жағады ол?! Ешкімге! Денсаулыққа өте зиян. Мүмкін салбыраған терімді тартып тастармын, кім біледі?», – деді әнші.
Айта кетейік,бұған дейін әнші декретте отырып, артық салмақ жинап алғанын айтқан болатын.
«Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!», – деп жазды әнші.