Еліміздегі ішімдіксіз ауылдар қатарына Қызылорда облысындағы Таң ауылы да қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен және жергілікті қауымдастықтың белсенді қолдауымен Таң ауылы ішімдіксіз ауыл мәртебесін алған.
«Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еркімен алкоголь өнімдерін сату лицензияларынан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты.
Мұндай шешім – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда ішімдіктен бас тартқан ауылдар жетерлік. Мысалы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы бірнеше елдімекен ішімдіктен бас тартқан.