Құлсары қаласының Атырау шағын ауданында салынып жатқан мектеп шатырының бір бөлігі опырылып түскен, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Білім басқармасының мәліметінше, нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда және 1 200 орынға арналған.
«Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаға жауапты әкімші – Атырау облысының құрылыс басқармасы», — деп нақтылады ведомство.
Қазір шатырдың не себепті опырылғаны және зақымның көлемі анықталып жатыр.