Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатта оқыса оқиға болды.
Мектеп-интернатта ұл балалар қызды әжетханаға сүйреген. Білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Бұл мектеп-интернат көп балалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған. Оқушылардың ерсі әрекеттері мектеп-интернаттың камерасына түсіп қалған. Онда бір топ ұл қызды әжетханаға сүйреп кіргізеді.
"Мектеп-интернатта оқушыларға қатысты болған жағдай бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. 5 сәуірі күні болған оқиға бойынша мектеп-интернаттың жауапты мамандарына тәртіптік жазалар қолданылған", - дейді облыстық білім басқармасы.
Осы оқиға жайында құзырлы органдарға хабарламағаны үшін мектеп-интернат директорына тәртіптік жаза қолданылған.
"Сонымен қатар Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп-интернат директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы ұсыным жолданды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға құқықтық баға беріп жатыр.