Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған адамның көзін шығарып жіберген

/
Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған адамның көзін шығарып жіберген
istockphoto.com

Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат мінген жігітке ескерту жасаған ер адам көзінен айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға өткен жұма күні Алматының орталығында болған. Полиция дерегінше, жаяу жүргінші мен самокатшы арасында тротуарда жүруге байланысты жанжал туындаған. Жанжал барысында электрсамокат жүргізушісі ер адамға соққы беріп, соның салдарынан ол көзінен айырылған.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта объективті мән-жайларды анықтауға және кінәлі адамды жауапкершілікке тартуға бағытталған жан-жақты тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство біздің агенттікке берген түсініктемесінде.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы – «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша тергелуде. Бұл бапта 1000 АЕК-ке дейінгі (шамамен 3,9 млн теңге) айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары