Ақмола облысында пойыз адамды қағып, мерт қылды

/
Ақмола облысында пойыз адамды қағып, мерт қылды
istockphoto.com

Ақмола облысында темір жолда электр пойызы адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте Степногорск – Заводской теміржол учаскесінде болған. Машинист басқарған электр пойызы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қаза тапқан – 1987 жылы туған жергілікті тұрғын. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қала бағытына қарай кетіп бара жатқан. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында тергеу органдары мен прокуратура өкілдері жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары