Дауыл, жаңбыр: Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Дауыл, жаңбыр: Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

9 қыркүйекте еліміздің 17 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Синоптиктердің болжамынша, бірнеше өңірде бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай болады.

Бірқатар өңірлерде (Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстар) төтенше өрт қаупі сақталады.

Көптеген аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Қазгидромет мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары