Ақтаудағы «ҚазАзот» зауытына 8,5 млн теңгеге айыппұл салынды

/
Ақтаудағы «ҚазАзот» зауытына 8,5 млн теңгеге айыппұл салынды
ҚазАзот

Маңғыстау облыстық экология департаменті «ҚазАзот» компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде қысқа мерзімді апаттық жағдайда атмосфералық ауаға ластаушы заттардың таралғаны анықталды. Заңбұзушылық Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергия блоктарда болған апаттық жағдайларға қатысты болған.

«Тексерулердің қорытындысы бойынша кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 328-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «ҚазАзот» зауытына 8 552 901 теңге көлемінде айыппұл салынды. Өңірлік экология департаменті алдағы уақытта да табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша шараларды қабылдайды», — делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары