Маңғыстау облысында былтыр облыс прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру нәтижелері бойынша «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
«Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.
Сот барлық тұлғаларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлерін тағайындады.
Атап айтқанда, кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды.
Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы барысында сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген», - делінген хабарламада.