«Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бес редакторы Жарылқап Қалыбай онкологиялық ауруға шалдығып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz
Бұл тралы әріптесі Рысбек Сәрсенбай мәлім етті. Оның сөзінше, журналиске бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) диагнозы қойылған. Ол бір жылдан астам уақыт әртүрлі ем алып көрген. Алайда ауру асқына берген.
"Екі мини-ота жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан,Түркия, Индияда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр трансплантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстүк Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті. Операция және операциядан кейінгі кезеңнің шығынына 250 мың доллар керек", – деді қоғам белсендісі.
Көмек көрсетемін деген қайырымды азаматтар үшін төменде арнаулы банк шоты ашылған.
- АО Kaspi Bank
- CASPKZKA
- Карта нөмері: 4400430225762233
- Теңгемен.
- АҚШ долларымен:
- KZ40722C000024985182
- Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы.
- Каспи голд телефоны: +77014410244.