Интерпол қызметкерлері бірнеше рет алаяқтық жасап, іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернет-алаңда нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам қаражаттан айырылды.
Аталған қылмыстың қатысушылары бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынғанына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, ағымдағы жылдың тамыз айында Түркия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.