Бес жасар жеткіншек ойнап жүріп ыстық су толы орға құлаған.
Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, жазатайым оқиға Ақсуда болған. 2019 жылы туған қыз бала Әуезов көшесіндегі «Чайка» дүкеніне қарама-қарсы жердегі ыстық су толы шұңқырға түсіп кеткен.
Әкімдік өкілдері шұңқыр құбыр жарығынан аққан ыстық судан пайда болғанын айтады.
Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кезекші травматолог пен реанимотолог қарап шыққан. Дәрігерлер баланың көкірек-арқа тұсы мен белінен төменгі жақтарын 1-3 дәрежелі күйік шалғанын, зақымдану аймағы 17%-ды құрағанын анықтаған. Баланың жағдайы орташа ауыр жағдайда деп бағаланып, травматологиялық бөлімшеге жатқызылды.