Ақтауда төбелес болып, екі адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Lada.kz.
Бүгін түнгі сағат 01:30 шамасында Ақтаудың 12-шағын ауданында бір топ адам төбелескен. Оқиға орнында қан іздері болған.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлімі болмағанын хабарлады.
"Алкогольді мас күйдегі ер адамдар арасында жанжал болып, олардың екеуі пышақ жарақатын алғаны анықталды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - дейді полициядағылар.
Тергеу аясында оқиға болған жерді тексеру жүргізілді. Күдікті анықталдып, ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.