Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

/
Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді
ТЖМ

Алматы қаласының Әуезов ауданында шаруашылық құрылысын қамтылған өрт үш қабатты ғимараттың шатырына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға орнына қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

- Өрт сөндіру барысында шатырдың ішінара құлауы орын алды. Дегенмен құтқарушылар үздіксіз су беруді ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеді, - деп жазылған ақпаратта.

Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынның көрші үйге таралуына жол берген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары