Талғардағы қайғылы жағдай: күдікті ұсталды

/
Талғардағы қайғылы жағдай: күдікті ұсталды
istockphoto

Талғарда ер адамды өлтіру және кәмелетке толмаған баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облыстық ПД хабарламасына сәйкес, тергеу нұсқасына сай, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал туындап, сол сәтте күдікті жәбірленушінің ағасына аңшы мылтығынан оқ атқан. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті екі жасар қызды алып, белгісіз бағытқа жасырынған.

Олардың арасында жанжал туындап, күдікті жәбірленушінің ағасына тапаншамен оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасалған соң күдікті кәмелетке толмаған баланы ұрлап қашып кеткен. Күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталды, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Ол ұсталып, қамауға алынды. Одан қару тәркіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары