«Қазгидромет» мамандары 7 қыркүйек күні Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
көптеген өңірде жаңбыр, найзағай болады;
елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде – қатты жаңбыр, бұршақ жауады;
республиканың оңтүстігінде – шаңды дауыл;
батыс пен шығыста – тұман;
желдің екпіні күшейеді.
Өрт қаупі жоғары өңірлер
Синоптиктердің айтуынша, бірқатар облыста өрт қаупі жоғары болады.
Олардың қатарында Алматы, Ақтөбе, Жетісу облыстары; Қарағанды (батыс, солтүстік), Ұлытау (шығыс, орталық); Ақмола (батыс, оңтүстік, орталық); Батыс Қазақстан (солтүстік, шығыс, оңтүстік); Атырау (батыс); Қостанай (батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс); Шығыс Қазақстан (оңтүстік) облыстары бар.