Доллар арзандап жатыр

/
Доллар арзандап жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 537,91 теңгені құрап, 2,11 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 5 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 540,05 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,35 теңге, сату – 540,17 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орташа 536,06 теңгеден сатып алып, 541,01 теңгеден сатады.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге көтерілген, 3 қыркүйекте – 0,55 теңгеге көтерілген, ал 4 қыркүйекте 0,09 теңгеге төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары