Алматы облысында иттер талап тастаған балаға мүгедектік рәсімделіп жатыр

/
Алматы облысында иттер талап тастаған балаға мүгедектік рәсімделіп жатыр
istockphoto.com

Алматы облысында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, ол бірнеше ауыр операциядан өтті. Қазір бала балдақпен жүреді, көшеге тек анасымен бірге шығады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бодған күні ол досымен бірге көшеде ойнап жүрген.

«Иттер қоршауды аяқтарымен соғып жатты. Досым қоршау құлағанын көрді, бірақ мен байқамадым. Сосын қашып шықпақшы болдық. Бірақ иттер мені қуып жетіп, құлатты. Біреуі бетімнен тістеп алды», – дейді Максим.

Дәрігерлер аяғын ампутациялау қажет болуы мүмкін екенін айтқан, құлағына пластикалық ота кейін жасалмақ.

Ешқайда шықпайды, серуендеуге де, ойнауға да бармайды. Қазір оған мүгедектік рәсімделіп жатыр. Өзі "Анашым, мен енді мүгедекпін бе?" деп сұрайды, – дейді анасы Екатерина Бурмистрова.

Полиция ҚК 114-бабы ("Денсаулыққа зиян келтіру") бойынша іс қозғаған, бірақ анасының тергеу шараларына көңілі толмай отыр. Істе анасы жәбірленуші ретінде танылмаған, одан жауап алынбаған.

Белгілі болғандай, иттер наркологиялық орталық аумағында орналасқан жеке питомниктен қашып шыққан. Қожайыны балалар иттерді өздері арандатқанын айтып, жануарларды әкетуден бас тартқан. Қазір питомник жұмысын жалғастыруда.

«Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда. Орталық басшылығы жануарларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Тергеу нәтижесінде заң аясында процессуалдық шешім қабылданады», – деді Алматы облысы полициясы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары