Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 17 жастағы қыз шатырдан секіріп, көз жұмған. Нұсқалардың бірінде жасөспірім мұндай қадамға мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушісінің ұрысқаны, кейіннен оны мектептен шығарып жібергені себеп болғаны айтылуда. Бұған 1 қыркүйекте оқушының бейресми стильде келуі және қызыл линза тағып келгені түрткі болған көрінеді.
Желіде марқұм болған қыздың мессенджердегі хат алмасуының скриншоты тарап жатыр.
Алматы қалалық полиция департаменті суицид фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайы анықталуда, – деді полицияда.