Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 102 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Зәкен Құрманқожанов Зайсандағы жалғыз қалған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері еді.
«Зайсан ауданы әкімдігі, аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер кеңесі және аудан жұртшылығы атынан Құрманқожанов Зәкен атаның өмірден озуына байланысты отбасы мен туған-туысқандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Ол кісінің өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, елге жасаған еңбегі мен ерлігі әрқашан жадымызда сақталады.
Зәкен ата – Зайсан ауданында ғұмыр кешкен Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің соңғысы еді. Оның жүріп өткен даңқты жолы мен жанқияр ерлігі – тарихымыздың алтын парағы, ұрпақ жадында мәңгілік сақталады», — делінген ақпаратта.