Блогер Ерболат Жанабыловтың ісіне қатысты сот отырысы 5 қыркүйек күні өтеді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін, 5 қыркүйекте Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты іс қаралады.
Елордалық соттың хабарлауынша, желі жұлдызы Instagram-дағы zhanabylov_e аккаунты арқылы заңсыз лотерея ретінде танылған автомобильдер, ақша және бағалы сыйлықтарды ұтысқа тігіп, ойын ойнатқан. Оған қатысу үшін әр адам "Zhana Busunes" ЖШС-ның "оқу дәрістеріне" деп 30 000 теңгеден ақша аударған.