Дауыл, жаңбыр: Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады

/
Дауыл, жаңбыр: Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады
istockphoto

5 қыркүйек күні Қазақстанның 16 облысында ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті. 

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірлерде найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр мен шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Атап айтқанда:

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болады;
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейеді;
Қызылорда мен Маңғыстауда шаңды дауыл болжанған;
Шығыс Қазақстанда топырақ бетінде түнде 1°С аяз күтіледі;
Алматы, Түркістан, Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ Абай, Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көру мүмкіндігі нашарлайды.

Мамандар тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды, ал жүргізушілерге ауа райының өзгерістеріне байланысты жолда барынша мұқият болуды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары