Футболдан Қазақстан құрамасы Уэльске есе жіберді

/
Футболдан Қазақстан құрамасы Уэльске есе жіберді
Ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс командасымен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу «Астана Арена» стадионында өтті, оған Испаниядан келген төрешілер бригадасы қазылық етті.

Алғашқы тайм алма-кезек шабуылдармен өрбіді: қонақтар ойынның басынан допқа көбірек иелік етіп, стандарттан кейін есеп ашты. Темірлан Анарбеков алғашқы соққыны қайтарғанымен, Киффер Мурдың қапталдан келген добын тойтара алмады. Қазақстандықтар да бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ соққылары қақпадан тыс кетті. Ал кей сәтте қақпашы допты сенімді ұстап алды.

Екінші тайм басталған соң алаң иелері қарқынды прессингке көшті. Ғалымжан Кенжебек қақпа маңдайшасын шайқалтты, кейін тағы бір қауіпті сәт жасады, алайда оның орнына шыққан Ислам Чесноковтың да әрекеті нәтиже бермеді. Қалған ойыншылардың қауіпті шабуылдары да табыс әкелмеді. Таблодағы есеп өзгеріссіз қалды, 0:1.

Енді алдағы жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары