Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 540,05 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 4 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 540,18 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 539,39 теңге, сату – 541,2 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 537,97 теңгеден сатып алып, 543 теңгеден сатып жатыр.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге, ал 3 қыркүйекте 0,55 теңгеге көтерілген болатын.