Дәулет Сәрсенбаев Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Дәулет Сәрсенбаевтың өзі инстаграм парақшасында мәлімдеді.
«Бүгін өзімнің еңбек жолымдағы маңызды кезеңмен бөліскім келеді. Мен ресми түрде Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры ретіндегі қызметімді аяқтаймын. Мен Орталықты басқаруға келген кезде, басшылық пен ұжымның алдында күрделі міндеттер тұрды: жабдықтардың тозуы, сейсмикалық станциялар ғимараттарының ескіруі, жас мамандардың жетіспеушілігі, өте шектеулі ресурстар. Осы уақыт бойы біз бірге жұмыс істедік. Күшімізді біріктіріп, бір-бірімізді тыңдап, ұсыныстарға құлақ асып, сынға жауап беріп, алға жылжыдық», — деп жазған ол.