Қазақстандық студент Түркі универсиадасында алтын жүлде жэеңіп алды

/
Қазақстандық студент Түркі универсиадасында алтын жүлде жэеңіп алды
gov.kz

Бүгін ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде қазақстандық студент жарқын жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, турнирдің алғашқы чемпионы атанды.

Біз студентіміздің жеңісімен мақтанамыз. Данияр ерік-жігерін, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазақстандық жастардың халықаралық аренада табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл медаль – спортшының, жаттықтырушылардың және университеттің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Данияр Құлушевтің жеңісі Қазақстанның медаль қорын ашып қана қоймай, елдің халықаралық деңгейдегі студенттік спорттағы беделін нығайтты.

Айта кету керек, ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстары алдағы күндері де жалғасады. Қазақстандық спортшылар жүлде қорын толықтыруға барлық мүмкіндікке ие.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары