Жамбылда 6 жастағы туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды

/
Жамбылда 6 жастағы туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысында балаға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қордай ауылының тұрғынын өзінің кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етті.

2025 жылдың сәуірінде айыпталушы мас күйінде өзінің 2019 жылы туған қызын қорлаған. Сотта ол өз кінәсін мойындаған. Сондай-ақ кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және жиналған заттай дәлелдермен толық дәлелденген.

Сотта жәбірленуші тарап айыпталушыны кешірмегенін және ең қатаң жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары