«Сіздікі жәй ма?»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді

/
«Сіздікі жәй ма?»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді
instagram

Әнші Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдіріп, жалған ақпарат таратпауын сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы сұхбатқа пластикалық ота жасайтын хирургтарды қонаққа шақырып, бет-әлпетін өзгерткен әншілерді талқыға салған. Оның арасында Ерке Есмаханның есімі де айтылды.

 Өнер иесі аталған жағдай қатты ашуына тигенін айтып, желіде жазба қалдырды.

«Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұқбаттарыңызда айтып отырған қорқынышты нәрселердің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас, сырлас әпкем ретінде өтірікке жол бермеудің орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды.

Мен артымнан айтылатын әңгімелерге мән бермеймін негізі. Өйткені, өзімнің қандай екенімді өзім ғана білемін! Бірақ, өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін.

Жарайды, аман болыңыз», – деп жазды Е. Есмахан.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары