Алматыда электроскутер мінген 17 жастағы екі қызды автобус қағып кетті

/
Алматыда электроскутер мінген 17 жастағы екі қызды автобус қағып кетті
Фото: Твой Алматы/ Telegram

Алматыда жолаушылар автобусы электроскутер мінген екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға сағат 12:30-да Алмалы ауданында болған.

Автобус жүргізушісі Мақатаев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында 17 жастағы екі қызды қағып кетті. Полицейлер қыздардың жаяу жүргіншілер өткелінде скутер мінгенін анықтады.

Екі скутер жүргізушісі де дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары