Қазгидромет ауа райы қандай болатынын жариялады

/
Қазгидромет ауа райы қандай болатынын жариялады
istockphoto

4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-батыста, батыста бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста, еліміздің орталығында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, – деп жазды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді деп күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары