Аягөз тұрғыны көшеден оқ-дәрі тауып алды

/
Аягөз тұрғыны көшеден оқ-дәрі тауып алды

Оқ дәріні жергілікті қария тауып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«3 қыркүйекте 70 жастағы ер адам снарядқа ұқсайтын металл затты байқап, оны “102” нөміріне хабарлады. Полиция қызметкерлері аумақты қоршап, үй тұрғындарын эвакуациялады», – деп хабарлады Абай облысының ПД.

Оқиға орнына ІІМ саперлері мен ТЖМ қызметкерлері келді. Тексеру нәтижесінде оның жарылыс қаупі жоқ қолданылған кассеталық мина екені анықталды. Ол кәдеге жарату үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына берілді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары